Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Бөбекжайымыздың №5 мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне арналған «Қош бол, балабақша!» атты қоштасу кеші әсерлі де мазмұнды өтті. Іс-шараны топ тәрбиешілері Жиенкулова Жанар Бердибековна мен Ахмедова Гүлнар Нурмухановна ұйымдастырып, бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, тақпақтар оқыды. Мерекенің ерекше сәттерінің бірі – ата-ана Ержанова Асия қыздары Аяна мен Аяламен бірге бөбекжай мен тәрбиешілерге арнап «Балабақшама алғыс» деген жүрекжарды ән орындауы болды. Бұл әсерлі ән көпшіліктің көңілін толқытып, мерекенің мәнін арттыра түсті.
Сондай-ақ, тәрбиеші Жиенкулова Жанар Бердибековна да мектепке қадам басқалы отырған тәрбиеленушілеріне ақ тілегін «Түлектерім-ау» әні арқылы жеткізіп, балаларға деген ыстық ықыласы мен аналық мейірімін көрсетті. Бұл сәт ата-аналар мен балалардың жүрегінде ерекше әсер қалдырды.
Қоштасу кеші қуаныш пен толғанысқа толы болып, балабақшадағы бақытты шақтарды еске түсірген ұмытылмас мерекеге айналды. Бөбекжай ұжымы түлектерге ақ жол тілеп, білімді, тәрбиелі, елінің мақтанышы болатын азамат болып өсулеріне тілектестік білдіреді. 🎓🌸📚✨