Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай бөбекжайымызда бүлдіршіндерге арналған тақырыптық ұйымдастырылған іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы жас ерекшеліктеріне сай түсінік беріліп, олардың маңызы мен мәні түсіндірілді. Тәрбиеленушілер рәміздерге байланысты түрлі тапсырмалар орындап, сұрақтарға жауап берді, танымдық ойындарға белсенді қатысты.
Шараның мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу және патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Іс-шара барысында бүлдіршіндер өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балалардың елжандылық қасиеттері дамып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі нығая түседі.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туын, Әнұран-
Тәуелсіздікке тәнтбелгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер.