Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай №8 ересектер тобында тәрбиеші, педагог – модератор Гумарова Кумис Смайловнаның ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» атты тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мағлұмат беріліп, олардың маңызы мен мәні түсіндірілді. Тәрбиеленушілер рәміздер туралы білімдерін толықтырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін арттырды.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар рәміздер тақырыбында сурет салып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, танымдық ойындар ойналып, түрлі тапсырмалар арқылы балалардың белсенділігі мен қызығушылығы артты.
Шараның мақсаты – балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы түсінік беру. Ту, Елтаңба, Әнұран туралы білімдерін кеңейту. Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Осындай іс-шаралар балалардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Осындай іс-шаралар балалардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Жалау.
Желбірейді шалықтап,
Қазақстан жалауы.
Көкте қыран қалықтап,
Қанат қағып барады.
Көк аспанда нұрлы Күн,
Күлімдейді далама.
Бақыт тілеп тұр бүгін
Ол барлық пәк балаға.
Ұлттық өрнек мұрамыз
Адастырмас мұраттай.
Нық көтеріп тұрамыз,
Жалауды біз құлатпай!









