Бөбекжайдың №4, мектепалды тобының тәрбиеленушілеріне арналған «Қош бол, балабақша!» атты қоштасу кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Топ тәрбиешісі, педагог-модератор Кумсиева Кнара Гогаева балалар мен ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, қызықты бағдарламалар өткізді.
Кеш барысында балалар әсерлі көріністер қойып, әсем әндер орындап, көңілді билер биледі. Сонымен қатар тәрбиеші балалармен ғана емес, сонымен қатар ата-аналармен де түрлі ойындар ұйымдастырып, мерекенің мазмұнын арттыра түсті. Қызықты сайыстар мен ойындар қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті.
Қоштасу кеші балабақшадағы қызықты сәттерді еске түсіріп, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге жарқын естелік сыйлады. Бөбекжай ұжымы мектепке қадам басқалы отырған түлектерімізге ақ жол тілеп, оқуда озат, тәрбиелі де, білімді азамат болып өсуіне тілектестік білдіреді.
