Ақтау жол картасы (әр баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасау), «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру аясында қараша айында «Алтын күз апталығы» өткізілді.
№5 ересек топтағы қорытынды тақырыптық кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет.
Тәрбиеші: Жиенқұлова Жанар Бердибековна, психолог Ідріс Дария Ерланқызы.
Мақсаты: балалардың күздің негізгі белгілері мен құбылыстары туралы білімдерін бекіту; балалардың күзде жабайы жануарлар тіршілігі, көкөністер мен жемістер туралы білімдерін бекітуді жалғастыру; ағаштарға күзгі жапырақтарды жағу дағдыларын дамыту; шығармашылық және ұсақ моториканы дамыту; табиғатты сүюге, қорғауға құштарлығын тәрбиелеу; оң эмоцияларды ояту.