Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Біртұтас тәрбие» және «Ақтау жол картасы» бағдарламасының міндеттерін іске асыру (әрбір баланың әлеуетін барынша дамыту үшін жағдай жасау, ата-аналардың балаларды дамыту процесіне тартылуын күшейту және тәрбиеленушілердің отбасыларымен әріптестік қатынастар орнату).

«Ертегілер елінде»

«Мақта қызбен мысық» ертегісі бойынша құрылған қуыршақ театры. Балалар ертегіні тамашалап болған соң, ертегі бойынша аппликацияны аяқтады.

Мақсаты: Ата — аналармен бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау арқылы баланың тілін, сөйлеу дағдысын дамыту. Жапсыру арқылы ертегілерді еске түсіру, елестету арқылы ертегі кейіпкерлерінің бейнелерін қағаз бетіне түсіре білуге машықтандыу. Балалардың ақыл — ойын, шығармашылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау, қайта жаңғырту қасиеттерін, танымдық қызығушылықтарын дамыту. Театр өнері арқылы балалардың көркемдік талғамын, эмоциялық сезімін ояту. Балаларға халық ертегілерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікті түсіне білуге, баулу. Бірлескен қызмет барысында балабақша мен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.

Тәрбиеші: Жиенкулова Жанар Бердибековна

№5, ересек топ

Қуыршақ театрының қойылымына Исатаева Жадыра Өсеровна (тәрбиеленушінің анасы Сағат Мединаның) қатысты.