21.10.2024ж. бөбекжайымызда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ересектер тобының қыздары арасында бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қыз баласына тән өнегелік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Күз ханшайымы-2024» байқауы өтті.
Байқауда қатысушылар «Кел танысайық!”, «Өнерлі бала-елдің көркі», «Дәрумендер денсаулық сақтаушысы» және «Сұлулық сыры» бөлімдері бойынша сынға түсті.
Барлық қатысушылар әділ-қазылар мен көрермендерді өз өнерлерімен тәнті етіп, Әжелер мектебінен құрылған төрешілер өз әділ шешімдерін берді. Бұл шараға қатысқан, әрбір топ өз үлестерін қосып, мың бұралған бишілер әсем билерімен байқауды әсерлеп, ұйымшылдықпен өздерін көрсете білді. Байкау өз дәрежесiнде өтті.
Нәтижесiнде:
🍁 «Бас жүлде» — №10, «Еркемай» ересектер тобының тәрбиеленушісі Мырзабек Мариям, жетекшісі: Ташекенова Амангуль Бердибековна;
🍁»Өнерлі ханшайым» — №9 «Қошақан» ересектер тобының тәрбиеленушісі Сайлау Раяна, жетекшісі: Сарыева Раушан Сарсенбаевна;
🍁”Шебер ханшайым» — №11 «Ласточка» ересектер тобының тәрбиеленушісі Жумагали Жансая, жетекшісі Кадырханова Гульбану Хаимовна;
🍁”Көрермендер көзайымы ханшайымы» — №6 «Ботақан» ересектер тобының тәрбиеленушісі Нұртасқызы Айымнұр, жетекшісі Койшыгулова Сая Куандыковна;
🍁”Сәнді ханшайым» — №5 «Балауса» ересектер тобының тәрбиеленушісі Сүлеймен Аяна, жетекшісі Жиенкулова Жанар Бердибековна атанды.
Байқауға қатысқан тәрбиеленушілер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.