Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 

«Ақтау жол картасы» міндеттерін жүзеге асыру: әрбір баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасау.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру.

 

2024 жылдың 2 — қазанында дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы Жунисбекова Венера Ертайевна Ұстаздар күніне арналған педагогтермен «Көңілді мәре» сауықтыру іс-шарасын өткізді.

 

Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымның ұйымшылдығын арттыру.

Міндеттері: психо-эмоционалды күйзелісті жеңілдету, педагогтерге белсенді демалысқа мүмкіндік беру, спорттық жарыстарға қатысудан жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй үшін жағдай жасау. Жанкүйер болған біздің тәрбиеленушілеріміз эстафеталар арасындағы бой қыздыру жаттығуларына қатысты.

Педагогтер мен балалар серігіп, көтеріңкі көңіл-күйге ие болды. Барлығына қатты ұнады.

Сайысты ұйымдастырған Венера Ертайевнаға және қатысқан ұстаздарға алғыс айтамыз!