Жаңалықтар

27.04. 2023 ж. бөбекжайымыздың №10, мектепалды тобында «Жыл мезгілдері» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс –әрекет өткізілді. Тәрбиешісі: Мамутова Гульзипа Исламовна. Мақсаты: Жылдың төрт мезгіліндегі құбылысты салыстыру және ажырата айта білу. Табиғаттағы өзгерістерге қызығушылықтарын арттыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Гүл деген әдемі ғой, әдемі Неткен ғажап олардың әлемі. Жарық сәуле түсіп тұрар гүлдерге, Хош иісін таратады бәріне.

№1, ортаңғы тобында тәрбиеші Житписова Зоя Жинбаевна «Путешествие в сказочный лес» математика негіздері бойынша ашық ұйымдастырылған іс –әрекет өткізді. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері: «бір», «көп» ұғымдарын ажырата білу дағдыларын бекіту; заттарды өлшемі бойынша салыстыра білуге жаттықтыру; түстер туралы білімдерін бекіту; геометриялық фигураларды ажырату және оларды кеңістікте табу қабілеттерін дамыту.

№7, мектепалды тобында өткізілген «Пішіндер әлеміндегі ойындар» тақырыбындағы ұйымдастырылған іс –әрекет. Тәрбиешісі: Аккалиева Сандигуль Акболатовна.

Біздің бөбекжайымызда «Қош келдің, Наурыз!» атты балалар шығармашылығынан көрме өтті. Барлық атсалысқан балаларға, ата-аналарға алғыс білдіреміз. В ясли –саду прошла выставка на тему «Қош келдің, Наурыз!».

Бөбекжай тәрбиешісі Нерсисян Наталья Анатольевна педагогтарға арналған «Ұжым бірлігі. Біз біргеміз!»тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг қызықты болды. Педагогтар белсенді қатысты.

Кең болсын қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! Біздің бөбекжайымызда Наурыз мейрамы тойланды

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды, Мерекеден шуақты бір із қалды. Болсын әркез көтеріңкі көңілдер, Нұрын шашсын мерекеге өңірлер! 8 наурыз -Аналар мерекесіне арналған мерекелік ертеңгіліктер.

2023 жылы10 ақпанда біздің бөбекжайымыздың тәрбиешілері қалалық «Жетістіктер апталығында» ашық ұйымдастырылған іс -әрекеттер көрсетіп, белсенділік танытты.