Жаңалықтар

12 мамыр күні тәрбиеші Гумарова К. С. «Ерте балалық шақтағы психикалық тежелуімен сөйлеу тілінің кеш даму үрдістерін алдын алудағы ата-ананың рөлі»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде педагог-психолог, логопед, дефектолог Биназарова Асыл Жаксылыковна мен Биназарова Айым Жаксылыковна ата-аналарға дәріс оқып, бейнеролик көрсетіліп, ата-аналарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

12 мамырда дене шынықтыру нұсқаушысы Жунисбекова В.Е., тәрбиешілер Нерсисян Н.А., Андакулова Н.Б., Аккалиева С.А., Талтенова З.С., Ташекенова А.Б. бірлесіп мектепалды тобының тәрбиеленушілері мен олардың ата –аналарына «Толағай» спорттық эстафетасын өткізді.

Ортаңғы топ тәрбиешілері Кадырханова Г. Х., Житписова З. Ж. және Жумиева А. А. тәрбиеленушілердің ата –аналарымен «Бірге ойнаймыз» тақырыбында ойын-сауық өткізді. Бала тәрбиесі мен дамуындағы отбасының маңызы туралы әңгімеледі.

11.05.23 ж. Тәрбиешілер Кумсиева К. Г. және Утесинова Д. Е. тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына «Үйде тәжірибе жасау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Мақсаты: ата-аналардың балалармен үйде эксперименттер мен тәжірибелер жүргізу бойынша білімдері мен дағдыларын арттыру; ата-аналарды күнделікті өмірде балаларымен тәжірибе жасауға шақыру; ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ балабақшамен қарым-қатынасты нығайту;

15- мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай №54 «Айналайын» бөбекжайында 10.05-12.05. күндері аралығында түрлі іс -шаралар өткізілді. 10.05.23 ж. Бөбекжай балалары мен ата -аналары бірлескен сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Жауынгер біздің саңылақтар Жауды жеңген солдаттар Ардақта Отан- ел үшін Бақытты туған жер үшін

28.04. 2023 ж. бөбекжайымызда -1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымақтастық күніне орай мерекелік іс –шаралар өткізілді. Іс-шарада балалар Отан, достық туралы әндер, өлеңдер айтып, би биледі.