Біздің бөбекжайымыздың №6, «Ботақан» ересектер тобында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Тақырыбы: «Балабақша мен ата ана арасындағы ынтымақтастық құру»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата -ананың рөлі ерекше екенін түсіндіру.
Балабақша білікті мамандары мен көп балалы ата- аналардың тәжірибесі арасындағы қарым — қатынасты нығайту.
Тәрбиешімен дұрыс қарым-қатынаста болу мақсатында өткізілген. Жылулық шеңберінен бастап өздерінің балаларына деген жылы тілектерін айтады. Бала туралы кіріспе сөз оқылып, бәрін ауызбіршілікке шақыру мақсатында ұжыммен және шағын орталықтың ішкі жұмыс тәртібімен таныстырылды.Тренинг- жаттығу өткізу барысында ата-аналардың топтық жұмыс жасауын және сол жасаған жұмысының нәтижесі балалары екені айтылды.
Тәрбиеші: Койшыгулова Сая Куандыковна