Біздің №54 «Айналайын» бөбекжайының базасында аға педагог-тренер Жұмабаева Ақбілек Қошқарбайқызының жетекшілігімен «Өрлеу» АҚ курс тыңдаушыларына облыстық тәжірибелік семинар өткізілді.
Осы семинарда келесі ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізілді:
- кіші тобында сенсорлық «Сиқырлы түстер» ұйымдастырылған
іс-әрекет (дайындаған тәрбиеші Жолдығали Эльмира Баяновна, тәрбиеші Ташекенова Амангуль Бердибековна қатысуымен);
- ересек тобында «Балықтар әлемі» кіріктірілген
ұйымдастырылған іс-әрекет (дайындаған тәрбиеші Ақкалиева Сандигул Акболатовна);
- — мектепалды тобында «Сиқырлы сандық» кіріктірілген
ұйымдастырылған іс-әрекет (тәрбиеші Гумарова Кумис Смайловна);
- — мектепалды даярлық тобында «Дәрігер Айболитке көмектесу»
кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекет (тәрбиеші Кумсиева Кнара Гогаевна, әдіскер Шуняева Софья Робинзоновна, тәрбиеші Нерсисян Наталья Анатольевна қатысуымен);
- мектепалды тобында «Туған қаламызға саяхат» ашық дене
шынықтыру танымдық сауықтыру (дене шынықтыру нұсқаушысы Жунисбекова Венера Ертайевна, тәрбиеші Койшыгулова Сая Қуандыковна);
- педагогтерге арналған «Жаңа технологиялардың оқу — тәрбие барысында
қолдау көрсету» тренингі (директоры Абдулаева Райза Тимербековна);
- «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда
интеграциялық принципті пайдалану» баяндамасы (дайындаған әдіскер Шуняева Софья Робинзоновна).
Семинар-практикум соңында біліктілікті арттыру курстарына қатысушылар біздің бөбекжайымыздың педагогтерімен әңгімелесіп, семинардан алған жағымды әсерлерімен бөлісті.
Аға педагог-тренер Жумабаева Акбилек Кошкарбаевна және курс тыңдаушылары семинарға қатысқан педагогтарға, әдіскерге және №54 «Айналайын» бөбекжайының директорына алғыстарын білдірді.