Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№4 ересектер топтың тәрбиешісі Кумсиева Кнара Гогаевна балалармен жеміс ағаштары мен бұталарын қарауды, сонымен қатар жидектер мен жемістерді жинау алаңында балалармен еңбек қызметін ұйымдастырды.

Міндеттері: балалардың маусымдық жидектер мен жемістер (шие, қарақат, тұт, қара өрік) туралы түсініктерін қалыптастыру; жидектер, жемістер, олардың адам денсаулығына пайдасы туралы білімдерін бекіту; жұмыс істеу дағдысын, ұқыптылыққа, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу; практикалық іс-әрекеттер – жидектерді теру және дәмін тату арқылы еңбекке деген қызығушылықты және дұрыс тамақтануды дамыту; гигиеналық дағдыларды бекіту (қолды және жидектерді жеу алдында жуу); сенсорлық қабылдауды дамыту: дәм, түс, иіс; табиғатқа қамқорлықпен қарауға, еңбек нәтижесін құрметтеуге тәрбиелеу.