Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Жазғы сауықтыру іс-шараларының жоспарына сәйкес педагог Овезова Қырмызы Еламановна № 3 ортаңғы топ балаларына «Маша мен аю» ертегісі бойынша қуыршақ театры қойылымын және «Аю» тақырыбында шығармашылық ойын әрекетін (пластилиннен сурет салу) ұйымдастырды.

Мақсаты: балалардың көңілін көтеру, қуаныш сыйлау, есте сақтау, зейін, ойлау, қиялын дамыту; пластилинмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру; пластилин өнерін орындау барысында шығармашылықты, ұсақ моториканы және саусақ қимылдарын үйлестіруді дамыту; жағымды эмоциялар мен ертегілер әлеміне қызығушылықты ояту; театр өнеріне, шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру.