Жазғы сауықтыру іс-шараларының «Алақай, жайдарлы жаз келді» жоспарына сәйкес тәрбиеші Еділова Құралай Қуандыққызы № 1 орта топта «Түрлі-түсті балықтар» тақырыбында іс-шаралар (аппликация, сурет салу, ойын-аттракцион) өткізді.
Міндеттері: аппликация және сурет салу процесінде шығармашылық қиялды, қол қимылдарын үйлестіруді дамыту; көркемдік қабілеттерін дамыту; шығармашылыққа қажетті материалдарды пайдалана білу; ашық ойындар арқылы моторикасын дамыту; көру зейінін дамыту; қармақ пен балықты манипуляциялау кезінде қол мен саусақ қимылдарын үйлестіруді жақсарту; топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту; ойын арқылы достық қарым-қатынасқа, бірлескен іс-әрекетке оң көзқарасқа тәрбиелеу; эмоционалды жағымды көңіл-күйді қалыптастыру.