№ 5 ересектер топ тәрбиешісі Овезова Қырмызы Еламановна бөбекжай-балабақша ауласында гүл шоқтарын тамашалауды ұйымдастырды.
Мақсаты: балаларға тірі табиғат, гүлдер және олардың сорттары туралы білім беру; гүлдерді дұрыс атауға, сыртқы түрін сипаттауға, гүл бөліктерін атауға үйрету; оларға қамқорлық жасау туралы білім беру; табиғатқа қамқорлықпен қарауға, үнемі суаруға, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу.