2024 жылдың 28 наурызында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасы іс-шарасы аясында №54 «Айналайын» бөбекжайда ата-аналар мен қамтылмаған балаларға арналған ашық есік күні өткізілді. Директор Абдулаева Райза Тимербековна мен әдіскер Шуняева Софья Робинзоновна ата-аналарды бөбекжай жұмысымен таныстырды. Директор Абдулаева Райза Тимербековна бөбекжайдағы балалардың күнделікті тәртібі мен тамақтануы туралы айтып өтті. Шуняева Софья Робинзоновна ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың типтік оқу бағдарламасына сәйкес тәрбие процесі бөбекжайымызда жүзеге асырылатынын атап айтты. Ол бөбекжай тәрбиешілері жүзеге асырып жатқан бағдарламаның міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар Шуняева С.Р. ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес мұғалімдер жүргізетін ұйымдастырылған іс-әрекет түрлерімен таныстырды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Нысамбаева Айжамал Туребековна қазақ тілі кабинетімен таныстырып, киіз үйдің әшекейлерін көрсетті, сонымен қатар қазақ тілін үйретуде балалармен жұмыс жасауда қолдануға болатын ойындарға тоқталды. Қорытындылай келе, ата-аналар өз қолдарымен жасап, үйде балаларымен ойнауға болатын ойындарды ойнауға шақырылды.