Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Ақтау жол картасының міндеттерін іске асыру: ата-аналардың баланы дамыту үдерісіне тартуды күшейту және балалардың отбасыларымен серіктестік қарым-қатынас орнату, әрбір баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасау.

«Балажан: ата — аналардың еріктілік қызметі» республикалық акциясы аясында 30 мамыр күні балабақшамызда «Біз бақытты баламыз», «Балалық шақ елі» халықаралық балаларды қорғау күніне арналған үлкен және мектепалды даярлық топтарында ойын-сауық өтті.

Мақсаты: Балаларды қорғау күні мерекесі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру, қуанышты мерекелік атмосфераны құру; танымдық, шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту; балаларда эмоционалды оң көзқарасты ояту; балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын тәрбиелеу; ата-аналарды іс-шараларға қатыстыру.