Ақтау жол картасының міндеттерін жүзеге асыру: әрбір баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасау.
Жазғы сауықтыру жұмысы «Жаз – тамаша уақыт!»
2024 жылдың 5 шілдесінде Астана күнін мерекелеу аясында №5 мектепалды тобының тәрбиешісі Наталья Анатольевна Нерсисян мен музыка жетекшісі Римма Ивановна Алтунина балалармен «Астана – Қазақстанның астанасы» тақырыбында іс-шара өткізді.
Мақсаты: балалардың Қазақстан Республикасының елордасы – Астана және оның көрікті жерлері туралы білімдерін жетілдіру; қарым-қатынас дағдыларын, диалогтік сөйлеуді, есте сақтауды, шығармашылық қиялды дамыту; ойын барысында балалар арасында мақсаттылыққа, жауаптылыққа, дербестікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.