«Ақтау жол картасы» (әр баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасау) міндеттерін жүзеге асыру аясында бөбекжайымызда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша «Алтын күз апталығы» өткізілді.
2024 жылғы 21 қараша №11 ересек топтағы «Күзде қонақта» тақырыбында тақырыптық ұйымдастырылған іс-шара өткізілді.
Педагогтер: Кадырханова Гүльбану Хаимовна, Нерсисян Наталья Анатольевна.
Мақсаты: «Күз» тақырыбы бойынша білімдерін бекіту және жалпылау
Міндеттері: балалардың күз мезгілінің белгілері туралы, жабайы аңдар мен олардың күзде тіршілік ету тәсілі, көкөністер мен жемістер (олардың жіктелуі) туралы білімдерін бекіту; балалардың сөздік қорын молайту; өлеңдерді мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру қабілеттерін дамыту; есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту; ойын барысында табиғатқа қамқорлық, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.