Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Әжелер мектебі» — 29.11.2024ж.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мен «Ақтау жол картасы» міндеттерін іске асыру шеңберінде ата — аналардың балаларды дамыту процесіне қатысуын күшейту және тәрбиеленушілердің отбасыларымен серіктестік қарым-қатынас орнату, №10 ересек  тобында әрбір баланы барынша дамыту үшін жағдай жасау тәрбиеші Ташекенова Амангуль Бердибековна және әдіскер Шуняева Софья Робинзоновна мектепке дейінгі балаларды, он қолынан бал тамған шебер, кестеші, топ тәрбиеленушісі Амангелді Айлиннің әжесі  Қажыбибі Қазақ  әжемен кездесу өткізілді.

Тақырыбы: « Қазақ әжеге қонаққа»

Мақсаты: Тәрбиешінің тәрбиеленушілер отбасымен қарым-қатынасты нығайту. Еңбек қызметі арқылы балалар шығармашылығына жағдай жасау, балалар мен аға буынның бірлескен қызметі арқылы әлеуметтік-коммуникативтік, құзіреттілікті қалыптастыру.

Міндеттері: Балалардың  әжемен кездесуі, қазақ халқының қол өнерімен таныстыруды, қоғам өміріндегі еңбектің, халық қол өнерінің рөлін түсіндіру. Дәстүрлі емес әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, ою – өрнекті тігуді үйрету. Инемен  жұмыс жасауды, инені қалай қолдану, қауіпсіздік ережелерін сақтау,   қол маторикасын дамыту, мастер-класс арқылы шебер әженің  мамандығын таныстыру. Қазақтың қолөнерін құрметтеуге, өнердің мәңгі өшпейтін ою — өрнектердің сыры мен қырын білу арқылы, балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.