«Ақтау жол картасы» жобасын жүзеге асыру аясында (балаларды дамыту үдерісіне ата-аналардың қатысуын күшейту және тәрбиеленушілердің отбасыларымен серіктестік орнату, әрбір баланың әлеуетін барынша дамыту үшін жағдай жасау) біздің бөбекжайымызда дене шынықтыру нұсқаушысы Жунисбекова Венера Ертайевнаның ұйымдастыруымен ересектер
топтарының әкелері мен ұлдары арасында «Біз Отанның сарбаздары» атты
көңілді мәре сайысы өтті. Сайыста қатысушылар топқа бөлініп, мерекеге сай
түрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындады. Әкелер мен балалар
патриоттық сезіммен, көтеріңкі көңілді күймен сайысты өз мәресіне жеткізді.
Бөбекжай атынан әкелер мен ұландарды мерекемен құттықтап, шексіз
алғысымызды білдіреміз!