Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2024 жылғы 5 наурызда  бөбекжайымызда «Мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі іс-әрекеттерін ойын технологиялары арқылы жан-жақты дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға қалалық оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары Аманжолова Динара Насихатовна, мектепке дейінгі оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Сатиева Раушан Қуанышқызы, «№54 «Айналайын» ​​бөбекжайы» КММ директоры Абдулаева Райза Тимербековна,  №46 бөбекжай мектебінің әдіскері Кобланова Алима Реджеповна да қатысты.

Біздің бөбекжайымыздың педагогтары  ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті:

  • кіші тобында сөйлеуді дамыту және жапсыру бойынша «Үй жануарлары»

тақырыбында  кіріктіріліп  ұйымдастырылған іс-әрекет (тәрбиешісі Біримжанова Куляш Кадырбековна);

  • ортаңғы тобында қоршаған ортамен танысу (эксперименттік зерттеу іс-әрекеті)

«Кішкентай сиқыршылар» тақырыбында (тәрбиеші  Қадырханова Гульбану Хаимовна);

  • ересек тобында математика  бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет «Теремок» ертегісіне саяхат» (өткізген тәрбиеші Житписова Зоя Жинбаевна);
  • ересек тобында  «Туған өлкеде мекендейтін құстар» қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған  іс- әрекеті (тәрбиеші Андакулова Назгуль Батыровна);
  • мектепалды тобында сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін  қолдана отырып, «Орманға саяхат» кіріктіріліп ұйымдастырылған іс-әрекеті (тәрбиеші Ташекенова Амангуль Бердибековна).