№4 мектепалды даярлық тобында «Маңғыстау жануарлары» тақырыбында ұйымдастырылған қоршаған ортамен таныстыру және сурет салу іс әрекеттері. Тәрбиешісі: Кумсиева К.Г.
Мақсаты: балалардың Маңғыстаудың алуан түрлі және бай табиғат әлемі туралы түсініктерін бекіту; жануарларды дұрыс атауды және олар туралы айтуды үйрету; Қызыл кітапқа енген жануарлардың, балықтардың, жәндіктердің әртүрлі түрлерінің құндылығы мен сирек кездесетіндігі туралы түсінік беру; табиғат әлеміне танымдық қызығушылықты дамыту; табиғатқа деген қамқорлық қатынасты тәрбиелеу; табиғат сұлулығын көре және бағалай білу.