Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

№ 4 және № 3 ересек және орта топтардағы ойын және шығармашылық қызмет
Тақырыбы: «Көкөністер мен жемістер»
Тәрбиешілер: Кумсиева Кнара Гогаевна
Еділова Құралай Қуандыққызы
Міндеттері: балалардың көкөністер, жемістер мен жидектер туралы білімдерін бекіту; олардың денсаулыққа пайдасы және денсаулықты нығайту үшін тамаққа тұтыну қажеттігі туралы түсініктерін кеңейтуге; балалардың қарбыздың пайдалы қасиеттері және одан дәмді шырын дайындауға болатындығы туралы түсініктерін қалыптастыру; сөйлеудің дамуына ықпал ету, балалардың сөздік қорын кеңейту; танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға; өнімдермен қауіпсіз өзара іс-қимыл жасау дағдыларын қалыптастыру; мәдени-гигиеналық дағдыларды дамытуға; «трафарет» және «губкамен басу» техникасымен сурет салу дағдыларын бекітуді жалғастыру; эстафета ойындарында қозғалыс белсенділігін және би қимылдарын орындау және сурет салу кезінде қозғалыстарды үйлестіруді дамытуға; пайдалы өнімдерді жей отырып, өз денсаулығына қамқорлық жасау ниетін тәрбиелеу, тамақтану мәдениетін тәрбиелеу.
Кнара Гогаевна мен Құралай Қуандыққызы ұйымдастырған іс-шара балалар үшін танымдық әрі қызықты өтті.