Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Біртұтас тәрбие» және «Ақтау жол картасы» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру (әр баланың әлеуетін барынша дамыту үшін жағдай жасау, ата-аналардың баланы дамыту процесіне қатысуын арттыру және тәрбиеленушілердің отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату).

Жазғы сауықтыру іс-шараларының жоспары бойынша мұғалім Утесинова Дина Ермуратовна №4 ересек топ балаларымен тәжірибе жүргізді.

Тақырыбы: «Біз әлемді танып жатырмыз»

Мақсаты: эксперименттік жұмыстар арқылы балалардың судың қасиеттері туралы білімдерін кеңейтуді жалғастыру; судың қасиеттерін бекіту; негізгі қасиеттерін атай отырып, балалардың сөздік қорын дамыту; зейінін, байқағыштығын, логикалық ойлауын дамыту; суға ұқыптылықпен қарауды және эксперименттік әрекеттерге қызығушылықты тәрбиелеу.

Бұл ойынға балалармен бірге оқушы Мұхтар Марленнің анасы Дусупова Айасем қатысты.

Анаға қатысқаны үшін алғыс айтамыз!