Жазғы сауықтыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, дене шынықтыру нұсқаушысы Жунисбекова Венера Ертайевна «Африға саяхат» тақырыбында балалармен, педагогтермен және ата-аналармен бірлескен дене шынықтыру демалысын өткізді.
Мақсаты: ойын әрекетін белсендіру арқылы балалардың қозғалыс және танымдық белсенділігін дамыту; дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетіне тарту арқылы балаларда қуанышты көңіл-күй қалыптастыру.
Міндеттері: тірек-қимыл аппаратын нығайтуға, қозғалыстардың негізгі түрлерін дамытуға ықпал ету; дене қасиеттерін қалыптастыру: ептілік, жылдамдық, төзімділік; балалардың Африканың табиғат әлемінің алуан түрлілігі туралы түсініктерін кеңейту; құрдастарымен өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру; белсенді ойындар мен эстафеталық ойындарға қатысуға, сондай-ақ ұжымдық іс-әрекеттер арқылы мақсатқа жетуге қызығушылықты сақтау; достық қарым-қатынасқа, ұжымшылдыққа, ізгі ниетке тәрбиелеу.
Дене шынықтыру демалысы жарқын, мазмұнды және қызықты өтті, барлық қатысушылар: балалар да, ересектер де көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.