«Ақтау жол картасы» (әр баланың әлеуетін барынша дамыту үшін жағдай жасау) және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының міндеттерін іске асыру.
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт бақытты өмір сүреді.
Бір-бірімен тату тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан — тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде.
Ағылады өлең-жырдың бұлағы.
Бойымызда бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтініміз — барша ұлтқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!