Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Ақтау жол картасы» міндеттерін іске асыру (балаларды дамыту және тәрбиеленушілердің отбасыларымен әріптестік қатынастар орнату процесіне ата-аналардың тартылуын күшейту; (әрбір баланың әлеуетін барынша дамыту үшін жағдайлар жасау; балабақша мен мектептің) және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

«Әжелер мектебі»

2025 жылдың 23 қаңтарында № 4 мектепалды топтың тәрбиешісі Кумсиева Кнара Гогаевна мен қазақ тілі мұғалімі Нысамбаева Айжамал Төребековна № 4 мектепалды топтың тәрбиеленушілерімен бірге № 21 мектепке экскурсияға барды.

Міндеттері: балалардың мектеп, мұғалім мамандығы туралы білімін қалыптастыру; мектеп үй-жайларымен, кейбір ұғымдармен — «сабақ», «үзіліс» таныстыруға; мектепте оқуға ықылас туғызуға; аға ұрпақтың кіші ұрпақпен өзара байланысын нығайтуға; балаларды оқытумен және тәрбиелеумен айналысатын адамдардың еңбегін құрметтеуді, аға ұрпақты құрметтеуді тәрбиелеуге міндетті.

Тәрбиеленушілермен бірге экскурсияға № 4 мектепте мұғалім болып жұмыс істеген № 21 топ тәрбиеленушісінің әжесі Абылайхан Бекболатұлы Ниязалиева Рима Бұхарбайқызы келіп, балаларға мектеп туралы айтып берді.

№ 21 директордың орынбасары балаларға мектеп кабинеттерін, кітапхананы, спорт және акт залын, медициналық кабинетті, асхананы көрсетті. Балалар түрлі сынып оқушыларымен танысты. Интерактивті тақтаға сурет салды, биология кабинетіндегі адам скелетінің макетін қарады, мектеп кітапханасындағы кітаптарды қарап, кітапханашымен әңгімелесті, ал акт залында балалар ән айтты.