Ақтау жол картасының міндеттерін жүзеге асыру: әрбір баланың әлеуетін барынша дамытуға жағдай жасау.
Жазғы сауықтыру жұмысы «Жаз – тамаша уақыт!»
Астана күнін мерекелеу аясында педагог Жиенкулова Жанар Бердибековна балалармен «Астанаға саяхат» және «Бәйтерек» қосымшасы тақырыбында әңгіме жүргізді.
Мақсаты: балаларды елордамыз Астанамен таныстыруды жалғастыру; астананың көрікті жерлері туралы білімдерін бекіту; балалардың сөйлеуін, есте сақтауын және зейінін дамыту; Бәйтеректің негізгі бөліктерін жеткізе білу, бөліктерін өз бетінше қиып, қағазға дұрыс орналастыру дағдыларын бекіту; қайшымен жұмыс істегенде эстетикалық талғамды, қол қозғалысын үйлестіруді дамыту; еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау; тәуелсіздікке, шыдамдылыққа, табандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.