Педагог Аккалиева Сандигул Акболатовна мектепалды тобының балаларымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» атты тақырыптық ұйымдастырылған іс-шара өткізді. Сандигул Акболатовна балалармен әңгімелесу барысында балалардың Қазақстан Республикасы, еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тиянақтап, «Суретті жина», «Дұрыс таңда» атты танымдық ойындарды ойнауға, тақпақ оқуға шақырды.
Мақсаты: Қазақстан Республикасы, оның мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін кеңейту, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту.