«Әжелер мектебі»
«Ақтау жол картасы» мен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша бөбекжайымызда «Әжемнің ұршығы» атты №13, мектепалды тобында іс-шара өтті.
Топ тәрбиеленушісі Телман Әзизаның әжесі- Нұрғалиева Гүлнар Қабижанқызы балаларға ұлттық құндылықтардың бірі ұршықты қалай иіру туралы, тарихы мен бойындағы шеберліктерімен ой бөлісті. Әр балаға өзінің салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын білу керектігін үйретті.
Мақсаты: Ұршықтың тарихы мен құрылысын таныстырып, адамға пайдасы жөнінде мағлұмат беру; Ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, ұлтжандылыққа, үлкенді сыйлауға үйрету.