Фестивальге балалар мен олардың ата-аналары қатысты.
Мақсаты: Балалар мен ата-аналар арасындағы шығармашылық байланыс пен өзара түсіністікті нығайту;
– Ортақ өнер көрсету арқылы бала мен ата-ананың қарым-қатынасын бекітіп, отбасы құндылықтарын насихаттау.
Ата-аналарды балабақша өміріне тарту, ынтымақтастықты арттыру
– Ата-аналарды белсенді қатыстыру арқылы тәрбиешілер мен отбасының бірлескен жұмысының тиімділігін көрсету.
Бала бойындағы музыкалық, сахналық қабілеттерді ата-анасымен бірлесе ашу және қолдау
– Ата-ананың үлгісі арқылы балада өнерге деген қызығушылықты арттыру, оның дарындылығын қолдау.
Барлық қатысушылар Дипломдармен марапатталды.
1)№13 мектепалды тобы Телман Азиза анасы Қалиева Жанна “Сүйкімді жұп” номинациясы. (Ән:”Ана мен қыз” Муз:Ш. Қуанбай Сөзі: Н. Бердіқожа );
2)№ 8 мектепалды тобы Әділетқызы Іңкәр әкесі Ермұханов Әділет “Әдемі жұп” номинациясы . (Ән: “Бала бақшам арайлым” Муз: С.Шынымов Сөзі: Е.Абдулла);
3) №4 ересек тобы Узбекбай Мәриям анасы Орынбаева Ақмарал “Үздік дуэт” номинациясы (Ән: “Прекрасное далёко» Муз: Е.Крылатов Сөзі: Ю.Энтин);
4) №9 ересек тобы Мерекеқызы Кәусар анасы Сидешова Асел “Көрермен көзайымы”номинациясы. ( Ән: “ Қошақаным қайда екен?” Муз: Ә.Бейсеуов Сөзі: С. Асанов);
5) №5 ересек тобы Сүлеймен Аяна анасы Ержанова Асия “Өнерлі жұп” номинациясы. (Ән: “Әжетайым” Муз: С. Шынымов Сөзі: О. Базаралиев )
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!!!
Ата-аналарға балабақшамыздың өміріне атсалысқандары үшін алғыс айта отырып, балаларыңыз бен сіздерге сәттілік тілейміз.
Ән саз жетекшісі: Бекешова Айгерим Сейлихановна