N10, мектепалды тобында «Қысқы орманға саяхат»атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекет.
Тәрбиешісі:Ташекенова Амангуль Бердибековна
Мақсаты:
Білімділік: табиғат көріністерін сипаттау. Қыс мезгілі, қыстағы адамдардың, жануарлардың тіршіліктері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіріп, балаларға ормандағы аңдардың тіршілігі мен олардың қысқа бейімделуі туралы түсінік беру, олар туралы айтқызып, тілдерін дамыту. Ойын арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: сөздік қорларын молайта отырып, өз ойларын жеткізе білуге баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Қоршаған ортаға мейіріммен қарауға, қамқорлыққа тәрбиелеу.